Ғалымдардың айтуы бойынша АИТВ (ВИЧ) бар адамдардар "табылмайтын" статуста болса, яғни денедегі вирус саны өте төмен болса, олардың денсаулықтары жақсы болғанымен қоймай, олар оны ешкімге жұқтыра алмайды. Дәлірек айтқанда Табылмайтын=Жұқтырылмайтын (U=U, Undetectable = Untransmittable)
Бұл АИТВ (ВИЧ) тарихындағы үлкен жаңалық. Бұл нені білдіреді? Адам ағзасында вирус болғанымен "табылмайтын" статуста болса, ол оны басқаға жыныстық қатынас арқылы жұқтыра алмайды деген сөз. АИТВ (ВИЧ) статусы бар адамдар өздеріне арналған дәрілерді ішіп денсаулығын қалыпты жағдайда ұстап тұра алады.
UequalsU.org және Building Healthy Online Communities сайттарына кіріп бұл жайлы толық ақпараттар алуға болады.