Венерологиялық немесе басқа да вирустардың тесті нәтижесі оң болып келгенде біраз қобалжу, эмоционалдық қиындықтар туғызуы мүмкін. Өзіңді қолға алып, жүйкеңді тоздырмауға тырыс.
Жақын адамдарыңмен сөйлесіп, сені қолдайтынына көз жеткіз. Еш қысылма. Ем алып жатқан уақытыңда саған қол ұшын беріп тұратын адам табу өте маңызды.
Тағы айта кетерлік жайт, алдыңғы жыныстық қатынаста болған серіктесіңе тест нәтижесі жайлы айт. Мүмкін ол білмейтін болар, оған да ем қажет болуы мүмкін.
Оларға Grindr арқылы немесе басқа да жолдармен тесттен өту жайлы айту қажет. Өз серіктесіңе өзіңнің тест нәтижелерің оң шыққаны жайлы айту өте қиын. Осы себептен сен жергілікті денсаулық сақтау мекемелері арқылы немесе Building Healthy Communities арқылы өз серіктесіңе хабар беруің мүмкін. Бірақ хабар беру-бермеу керектігін өзің шешесін.